Жүргізуші жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге міндетті

Жүргізуші жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге міндетті

   

Жүргізушілер арасында көлік тәртібін арттыру, жол-көлік оқиғаларының санын азайту, сондай-ақ ЖҚЕ бұзудың алдын алу мақсатында Екібастұз қаласының Полиция басқармасы 19 шілде мен 18 тамыз аралығында "Қауіпсіз жол"жедел-алдын алу іс-шарасын өткізеді.

    Ағымдағы жылдың 27 шілдесінде ЖПҚ патрульдік полиция ротасының қызметкерлері қалалық және қалааралық бағыттарда жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыратын"Nar Trans" ЖШС және "Маис" ЖШС жүргізушілерімен профилактикалық әңгімелер өткізді.

   Жолаушылар көлігіндегі апаттылықты талдау жол-көлік оқиғаларының негізгі себептері жүргізушілердің жол қозғалысы ережелерінің талаптарын орындамауы, атап айтқанда, белгіленген қозғалыс жылдамдығын арттыру, қарсы қозғалыс жолағына шығу, қашықтықты сақтамау, ұялы телефонмен сөйлесу болып табылады",-деп атап өтті полицияда.