«Алтын айдаһар» сатып айыппұлға ие бол

«Алтын айдаһар» сатып айыппұлға ие бол

Ауыл тұрғыны үйінде рұқсат құжаттарынсыз алкоголь өнімін сатып заңсыз бизнес жасаған. Бұл факт рейдтік шаралар кезінде железиндік полицейлермен анықталды.
Железинка ауылының 60-жасар тұрғыны өз үйінде лицензиясыз алкоголь өнімін, атап айтқанда «Золотой дракон» маркалы арағын сатқан және осыған байланысты алкоголь өнімін сату талаптарын бұзған. Тәртіп сақшыларымен әрбіреуі 0.5 литрлік 17 бөтелке «Золотой дракон» маркалы арағы тәркіленіп алынды. Ер адамға қатысты ҚР ӘҚБтК 463-бабының 1-бөлімі (Тіркеу, рұқсат беру, хабарлама жіберу мiндеттi болған жағдайларда, тiркеусiз, рұқсатсыз, сол сияқты хабарлама жібермей кәсiпкерлiк немесе өзге де қызметпен айналысу) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды және материал Железин аудандық сотына шешім қабылдау үшін жолданды. Ауыл тұрғынына 15 АЕК көлемінде әкімшілік айыппұл төлеуге тура келеді.
Железин ауданы Полиция бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Елдос Нұрғалиевтың айтуынша, қабылданып жатқан шаралар аудан аумағында жедел жағдайды қалыпты деңгейде ұстап тұруға көмегін тигізеді.