Мен телефонды жай ғана құлағыма жақын ұстап отырдым: 2443 жүргізуші көлікті басқару кезінде телефонды пайдаланды

Мен телефонды жай ғана  құлағыма жақын ұстап отырдым: 2443 жүргізуші көлікті басқару кезінде телефонды пайдаланды

Күн сайын Павлодар облысының жолдарында ЖКО кезінде адамдар жарақат алады. Апаттың негізгі себебі әлі де адами факторлар болып табылады, оның ішінде ұялы телефонмен сөйлесу де бар. Телефонмен кез-келген айла-шарғы, сөйлесу, оқу немесе SMS-хабарламалар жиынтығы, әртүрлі қосымшаларды пайдалану, жүргізушінің көңілін бөліп, жол жағдайын бақылаудан алшақтатады. Бұл жүргізушінің өзі, оның жолаушылары мен жол қозғалысының басқа да қатысушылары үшін қауіпті.

Жыл басынан бері  рульде келе жатып, телефон қолданған 2443

жүргізуші анықталды, - дейді полицейлер.

Мысалы, облыс орталығындағы Академик Сәтпаев көшесінде тәртіп сақшылары "Мерседес"автокөлігінің 35 жастағы жүргізушісін тоқтатты.  Оның телефонмен сөйлесіп келе жатқаны анық көрінді. Ер адам оң қолымен құрылғыны сол құлағына тақап отырған. 

Көліктен шығып:

-  мен жаңа сөйлеспедім, келген қоңырауды басып тастадым, құлағыма жақындатқам жоқ, - деп сөйлескенін жоққа шығарды.

- Қабылданған қоңырауды көруге болады. Міне, 11: 59-да телефон ағытылған. Бұл 3-4 минут бұрын болды.  Барлығы келіседі, -дейді полицейлер. Жүргізуші одан әрі  бас тартуын доғарды. Диалогті оның телефонына келген кезекті қоңырау тоқтатты.

Тағы бір рульде отырып телефон қолданған жүргізуші Қайырбаев көшесінде тоқтатылды. Бұл жолы Тойота көлігін айдап бара жатып,  бұзушылық жасағанын  мойындаған қыз болды. Оның сөзінен: маңызды қоңырау болғандықтан,  жауап бермеуге  болмаған. Полиция мұндай жағдайларда қызға көлікті тоқтатуды немесе дауыс зорайьқышты қосып сөйлесуді ұсынды.

Павлодар облысының полициясы жүргізушілерге аса мұқият және сақ болуды ескертеді.

Егер сіз қоңырау шалып немесе шұғыл жауап беруіңіз керек болса, тоқтап, жауап берген дұрыс немесе қозғалыс кезінде арнайы гарнитураны қолданған дұрыс, бұл сізге қолыңыздың көмегінсіз телефонмен сөйлесуге мүмкіндік береді.