Заңсыз балық аулау: Павлодар облысында ауыл тұрғынынан 114 килограм балық тәркіленді

Заңсыз балық аулау: Павлодар облысында ауыл тұрғынынан  114 килограм балық тәркіленді

-2021 жылғы 18 қазанда сағат 06:30-да Шарбақты ауданының 48 жастағы тұрғынының басқаруымен "Павлодар-Шарбақты" автожолында полиция қызметкерлері "ВАЗ-2103" маркалы автокөлігін тоқтатты. Көзбен шолып қарау кезінде автомашинаның жүк бөлігінде балық салынған қаптар табылды. Бұл ретте жүргізушіден балық тасымалдауға немесе сатып алуға қандай да бір рұқсат құжаттары болған жоқ,- деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Тәртіп сақшылары жүк бөлімінен полиция қызметкерлері мөңке балығы бар төрт қап алғанын, жалпы салмағы 114 кг-ды құрағанын атап өтті. Жүргізуші  балықты Май ауданы Көктөбе ауылында белгісіз ер адамнан сатып алғанын түсіндірді.

Шарбақты ауданының 48 жастағы тұрғынына қатысты ҚР ӘҚБтК - нің 389-бабының 1-бөлігі-жабайы жануарлар мен өсімдіктердің түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын заңсыз сатып алу, өткізу, тасымалдау, әкелу, әкету, сақтау (ұстау) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Материал Павлодар аудандық сотына жіберілді.

Айта кетейік, тәркіленген 114 кг. балық "Зайсан-Ертіс облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы" РММ-не тапсырылды, онда сот шешім қабылдағанға дейін мұздатқыш камераға орналастырылды.