Терезеден қоқыс лақтырған павлодарлық жазаланды

Терезеден қоқыс лақтырған павлодарлық жазаланды

Қаладағы тазалық ең алдымен тұрғындарға байланысты. Ең жақын қоқыс жәшігіне бірнеше қадам жасауға ерінетін тұрғындар қоқысты терезеден де лақтырады. Осының салдарынан, бүкіл қала бойынша стихиялық қоқыстар жатады.

- Сонымен бірге, бірінші жағдайда мұндай "жалқау тұрғынды" ескерту күтеді. Қайталап бұзған жағдайда 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады. Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне-қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне-жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады, - деп атап өтті Павлодар облысы ПД бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.  

Мысалы, Павлодар қаласында Академик Шөкин көшесіндегі үйдің тұрғындары терезеден қоқыс салынған пакеттерді лақтырған көршісіне шағымданды. Ер адамға қатысты ҚР ӘҚБК 505-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Сонымен қатар, павлодарлық үйдің ауласына шашыраған қоқысты жинады.  

Басқа жағдайда, Толстой көшесінің бойында қонаққа келген қала тұрғыны қоқыс салынған пакетті тура кіреберісте қалдырды, бұл да немқұрайлы тұрғындардың назарынан тыс қалған жоқ. Құқық бұзушы ҚР ӘҚБК 505-бабы бойынша жауапкершілікке тартылды.

Полицейлер тұрғындарға хабарласып, абаттандыруды бұзбауға және барлық заң бұзушылық фактілері туралы полицияға 102 тел. бойынша хабарлауға шақырады.

Айта кету керек, бүгінгі таңда Павлодар облысында абаттандыруды бұзғаны үшін 6000-нан астам адам жауапкершілікке тартылды.