Қоғамдық орындарда алкоголь ішкені үшін - айыппұл

Қоғамдық орындарда алкоголь ішкені үшін - айыппұл

Полиция ақпаратының талдауына сәйкес, қоғамдық орындарда қылмыс пен құқық бұзушылық жағдайларының көпшілігі "отты судың" әсерінен болады. Жасыратыны жоқ, алкоголизм басқаларға теріс әсер етеді және көптеген адамдардың тағдырын бұзады. Сондықтан қоғамдық орындарда мас күйде болу фактілерін анықтау және жолын кесу полицияның өзекті міндеттерінің бірі болып табылады.

- Ең алдымен, қоғамдық жерде мас болу – бұл әдептілік пен қоғамдық тәртіпті бұзу. Көптеген ішімдік ішкен азаматтар мұндай жағдай болмайды деп санайды, бірақ ол қауіпті, өйткені  алкоголь кез-келген адамның мінез-құлқына әсер етеді. Мысалы, 26 қыркүйекте Павлодар дүкендерінің бірінің сатушысы полицияға жүгініп, дүкенде ер адамның мас күйінде болғанын хабарлады. Сонымен қатар ол агрессивті әрекет етті, сатып алушыларды қорлады. Келген патруль тәртіп бұзушыны медициналық куәландыруға алып келді, сараптама нәтижелері орташа алкогольдік масаңдықты көрсетті. Ер адамға қатысты ҚР ӘҚБК 440 - бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды, - деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Айта кету керек, жыл басынан бері павлодарлық полицейлер спирттік ішімдіктер ішкені немесе қоғамдық орындарда мас күйінде болғаны үшін 7 мыңға жуық материалды анықтады.

Полицейлер ҚР ӘҚБК 440 – бабында көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктерді сатуға жергілікті атқарушы орган рұқсат берген сауда және қоғамдық тамақтандыру ұйымдарынан басқа, алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарда адамның қадір-қасиетін және қоғамдық имандылықты қорлайтын масаң күйде келу - 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соқтыратынын еске салады.

Он сегіз жасқа толмаған адамдардың қоғамдық орындарға масаң күйде келуі, сол сияқты олардың алкогольдік ішімдіктерді ішуі – ата-аналарына немесе оларды алмастыратын адамдарға 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс – әрекеттер-10 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға не бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.