Жол-көлік оқиғаларын, оның ішінде жолаушыларды тасымалдаумен байланысты оқиғаларды төмендету, сондай-ақ адамдар көп жиналатын жерлерде, оның ішінде шетелдік мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері бар автокөліктерде (минивендерде) заңсыз жолаушылар тасымалын жүзеге асыруға бақылауды күшейту мақсатында 2021 жылғы 20-25 қыркүйек кезеңінде Павлодар облысының аумағында "Такси"жедел-алдын алу іс-шарасы өткізіледі.
Іс-шара шеңберінде полиция қызметкерлері, көлік прокуратурасы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы, көліктік бақылау инспекциясы және Мемлекеттік кірістер департаменті өкілдерінен тұратын мобильдік топтар жолаушыларды, оның ішінде таксимен заңсыз тасымалдау фактілерін анықтау бойынша тексерулерді жүзеге асыратын болады.
Құрметті азаматтар, жол-көлік оқиғаларды және жарақат алуды болдырмау үшін, такси ішіндегі жағдайға мұқият қарауды, көлік құралын кім басқаратынына, жүргізуші мен көліктің қандай жағдайда тұратынына назар аударуды сұраймыз. Қандай да бір бұзушылық анықталған жағдайда 102 телефоны бойынша полицияға қоңырау шалыңыз және хабарлаңыз немесе "Police 102"мобильді қосымшасын пайдаланыңыз.
Сондай – ақ, автокөлік кәсіпорындарының басшыларына көлік құралының техникалық ақаулығы-бұл ең алдымен адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретінін еске саламыз!