Қарсы жолға шығу: 50 жүргізуші жүргізу құқығынан айырылды

Қарсы жолға  шығу: 50 жүргізуші жүргізу құқығынан айырылды

Қарсы жолаққа шығу жол-көлік оқиғасын тудыруы мүмкін елеулі, өрескел бұзушылықтардың бірі болып табылады. Өйткені, мұндай қауіпті білмейтін жүргізушілер жолдың басқа жолағына қарай жүреді.
Жаңа ережелерге сәйкес, мұндай қасақана бұзушылық үшін жүргізуші 6 ай мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылады.
Мұндай құқықтан айыруға қарамастан, кейбір жүргізушілер басып озуды тоқтатпайды, қарсы жолға шығады, мұндай маневр жасауға тыйым салатын жолақты немесе белгіні байқамайды, осылайша өзіне ғана емес, сонымен қатар басқа жол қозғалысының қатысушыларына да қауіп төндіреді.
- 2021 жылдың басынан бері ҚР ӘҚБтК-нің 596-бабы 3-бөлігі бойынша 106 жүргізуші жауапкершілікке тартылып, 6 ай мерзімге жүргізуші куәлігінен айырылды. Мысалы, облыс орталығында Катаев-Естай көшелерінің қиылысында жүргізуші "Toyota Corolla" маркалы көлік құралын басқара отырып, төрт жолағы бар екі жақты қозғалыс жолында қарсы қозғалысқа арналған жол жағына шықты. Автоәуесқой ҚР ӘҚБК 596-бабы 3-бөлігі бойынша жауапкершілікке тартылды. Енді жүргізушінің өз іс - әрекеттерін қарастыруға көп уақыты болады, өйткені ер адам 6 ай мерзімге жүргізуші куәлігінен айырылған, - деді Павлодар облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.
Айта кету керек, тәртіпсіз жол қозғалысына қатысушылар құқық бұзушылардың негізгі үлесін құрайды. Бүгінгі таңда 85 мыңға жуық адам жол ережесін бұзған.
Полицейлер тұрғындардың назарын жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға аударады. Балалар, оқу орындарының, жаяу жүргіншілер өткелдерінің және қоғамдық көлік аялдамаларының жанында мүмкіндігінше мұқият болыңыз.