Мерейтой құтты болсын!

Мерейтой құтты болсын!

23 шілдеде өзінің 70 жылдық мерейтойын Павлодар облысы ІІБ ардагерлер кеңесінің және Ұлттық ұланның төрағасы Бақберді Балтабайұлы Абраев атап өтті.
Қалыптасқан дәстүр бойынша полиция департаментінің басшылығы мен ардагерлер кеңесі мерейтой иесін айтулы күнмен құттықтады.
- Құрметті Бақберді Балтабайұлы, ішкі істер органдарының қызметіне, жас қызметкерлерді тәрбиелеуге қосқан жеке баға жетпес үлесі үшін, сондай-ақ ардагерлер қозғалысына көрсеткен қолдауы үшін алғысымызды білдіреміз. Сіздерге зор денсаулық және амандық тілейміз, өздеріңіздің оптимизміңізді және рух сергектігіңізді ұзақ жылдар бойы сақтаңыз! - осындай сөздермен Павлодар облысы Полиция департаменті бастығының міндетін атқарушы Жасқайрат Қайыров ардагерге тіледі.
Отставкадағы полиция полковнигі Бақберді Балтабайұлы Абраев зейнеткерлікке шыққаннан кейін де заң, тәртіп және әділдіктің қарауында қалатын ішкі істер органдары қызметкерінің жарқын үлгісі болып табылатынын атап өткен жөн.