Жүргізушілердің немқұрайлығы мүлік ұрлығына әкелуі мүмкін

Жүргізушілердің немқұрайлығы мүлік ұрлығына әкелуі мүмкін

2021 жылдың басынан бастап Павлодар облысының аумағында автокөлік салондарынан ұрлаудың 21 ұрлық фактісі тіркелді.
Айта кету керек, салон ұрлығының алдын алу мақсатында жол-патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Павлодар қаласының көп қабатты үйлерінің аулаларын патрульдеу барысында күн сайын есіктері жабылмаған немесе терезелері ашық тұрған автокөліктерді анықтайды. Автокөлік иелері тіпті кілттерін ұмытып кеткен жағдайлар да болды.
Өткен түнде құқық қорғау органдарының сақшылары Павлодар қаласының үйлерінің аулаларында есіктері, терезелері және жүксалғыштары ашық 10 көлікті анықтады.
Жол-патрульдік полиция батальонының полиция қызметкерлері патрульдеу кезінде Ленинградская көшесі, 63 үйінің ауласында сағат 03.00-де "Мерседес" маркалы автокөлігінің терезесі ашық болған.
Торайғыров көшесі, 8 үйінің ауласында сағат 00.50-де полицейлер "ВАЗ-2106" маркалы автокөлігінің артқы есігі ашық болған.
Осы көліктердің ұқыпсыз иелерімен профилактикалық әңгіме жүргізілді.
Құрметті облыс тұрғындары мен қонақтары!
Бірқатар қарапайым ережелерді сақтау мүлікті ұрлау, сондай-ақ автомобильге зақым келтіру қаупін азайтуға мүмкіндік береді:
1. Егер Сіз көлікті қысқа уақытқа қалдырсаңыз да, есіктерін құлыптауды ұмытпаңыз.
2. Егер автомобиль күзет сигнализациясымен жабдықталған болса, оларды әрдайым қолданыңыз.
3. Автокөлік салонында құнды заттарды қалдырмаңыз.
4. Автокөлікті тұрғын үйлердің аулаларында ұзақ уақытқа қалдырмаңыз.