Армандар орындалады

Армандар орындалады

Павлодар облысы Полиция департаментінің плацында жас қызметкерлерге лейтенант погондарын тапсыру рәсімі өтті.
Жиналғандар алдында Полиция департаменті бастығының орынбасары Жандос Орымбаев құттықтау сөздерін айтты. Ол жеке құрамды осы тамаша атаулы күнмен құттықтап, алғашқы погондарды алу – бұл кәсіби өсу мен өзін-өзі жетілдірудің ұзақ жолының бастамасы екенін атап өтті.
Жандос Болатұлы жас қызметкерлерге адал, жауапты және ең бастысы, азаматтарымыздың заңды мүдделерін қорғауды тіледі.
Полиция лейтенанты атағы ҚР Ішкі істер министрінің бұйрығымен 19 жас қызметкерлерге берілді.
Алмаз Ермеков бала кезінен полиция қызметкері болуды армандағанын және бүгін оның арманы орындалғанын айтты. Мен қиындықтарды жеңгенді ұнатамын, сондықтан ішкі істер органдарында қызмет етемін деп шештім.
Менің тәжірибе жинап, нағыз маман болғым келеді.
Туыстарым мені мақтан тұтады, өйткені полицей мамандығы ең ерекше және батыл мамандықтардың бірі. Мен құқықтық тәртіпті қорғап, заңның қорғауында боламын! - дейді Лаура Қалиева.
Жас қызметкерлер қызметке түсу бойынша алғашқы дайындықтан өтіп, бүгінде кәсіби жолын бастады, алайда олардың әлі шыдамдылық, ұстамдылық, еңбексүйгіштік сияқты қасиеттерді үйренулері тиіс. Бұл ретте оларға тәжірибелі полицейлер көмектесетін болады.