Құрметті демалысқа аттандыру

Құрметті демалысқа аттандыру

        Павлодар қаласының Орталық полиция бөлімінде қызмет бойынша әріптестерін құрмет демалысына шығарып салуға арналған  салтанатты іс-шара өтті. Құрметті демалысқа полиция майоры Рахимов Нұрлан Еркенұлы, полиция майоры Момышева Жанат Асқарқызы, полиция майоры Абраев Серік Уәлиұлы, полиция капитаны Кутнова Татьяна Михайловна және полиция капитаны Смақов Жамбыл Байтасұлы шықты.

Бөлім бастығы полиция полковнигі Ермек Сұртайұлы өмірлерін ішкі істер органдарындағы қызметке арнаған қызметкерлерге  алғыс пен құрмет сөздерін білдірді.

Полицейлер қызметкерлерге көпжылдық және жемісті еңбегі үшін алғыс айтып, оларға зор денсаулық, отбасына амандық тіледі. Барлық жаңа зейнеткерлерге Алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыс етілді. Өз кезегінде зейнеткерлер өздерінің өмір жолдары туралы айтып, қызметкерлерге лайықты қызмет атқаруға тілек білдірді.