ҚР азаматтары шетел мемлекетінің азаматтығын ҚР азаматтығынан шықпай тұрып алатын жағдайлар көп ұшырасады және осы арқылы заңсыз қос азаматтыққа ие болады. Екінші азаматтықты алудың негізгі себебі еркін қозғалу тілегі ғана емес, сонымен қатар белгілі бір материалдық пайдаларды алу (мысалы, зейнетақылық есеп айырысу, екінші бала туғандағы жәрдемақы).
- Қазақстан Республикасы Конституциясының 10-бабының 3-тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» Заңының 3-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы азаматтарына басқа мемлекеттің азаматтығы танылмайды, - деп мәлімдеді Железин ауданы ПБ бастығының бірінші орынбасары полиция капиатны Марат Ғалиев.
ҚР азаматымен басқа елдің азаматтығын алу фактілері анықталған жағдайда, көші-қон полициясы органдарымен ҚР «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» ЗАңының 21, 30 баптары негізінде азаматтың Қазақстан Республикасының азаматтығының күшін жою тіркеледі.
Бұдан өзге, ҚР ӘҚБтК 496 бабы Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы заңнамасын бұзғаны үшін 100 АЕК-тен (291 700 теңге) 200 АЕК (583 400 теңге) дейін әкімшілік айыппұл немесе Қазақстан Республикасы аумағынан шығару әкімшілік жазасын қарастырады.
Мәселен, ағымдағы жылдың 01-02 маусым күндері «Үрлітөбе» шекаралық бекеті бөлімшесінде Ресей Федерациясы азаматтарымен ҚР азаматтығы туралы заңнамасын бұзудың 4 фактісі анықталды. Тексеріс барысында азаматтар Қазақстан Республикасының азаматтығында тұрғандарына қарамастан Ресей Федерациясының азаматтығын қабылдағаны, осы ретте белгіленген уақытта басқа елдің азаматтығын қабылдағаны туралы хабарламаған. ҚР ӘҚБтК 496-бабы 2-бөлімі (ҚР азаматтығы туралы заңнамасын бұзу) бойынша Железин ауданының полицейлерімен құқық бұзушыларға қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылып, Железин аудандық сотына жолданды.
Сот қаулысы бойынша Ресей Федерациясының азаматтары ҚР ӘҚБтК 496-бабының 2-бөлімі бойынша құқық бұзуда кінәлі деп танылып, Қазақстан Республикасы аумағынан шығару және 30 пайыздық төмендетумен 200 АЕК әкімшілік айыппұл салынды.