Павлодарда көршілер арасындағы жанжал

Павлодарда көршілер   арасындағы жанжал

Көршілер арасында туындайтын жанжалдар адамзаттың    мәңгілік мәселесі болып табылады. Кейбір азаматтар бейбіт және тату өмір сүре алмайды, осыған байланысты көптеген наразылықтар туындайды. Көбінесе полицияның араласуынсыз мүмкін емес.

Бір алаңда тұратын тұрғындар арасындағы кезекті жанжал 18 мамыр күні Н. Назарбаев даңғылындағы көпқабатты үйде орын алды. Бұған жеке жақтырмаушылық  қарым – қатынас себеп болды және ер адам көршісіне  барлық антипатиясын білдіріп, эмоцияларын жасырмады,-деді Павлодар облысы Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ғалым Сарғұлов. Ол әйелге әдепсіз сөйлеп, намысына тиді,  оның айтқан сөздері бүкіл кіреберісте естілді. Осындай көзқарасқа ашуланған қала тұрғыны полицияға жүгініп, көмек сұрады. Полиция келіп жанжалды жойды.

Сондай-ақ, агрессивті көршісіне қатысты Қазақстан Республикасы  ӘҚБтК 434-бабының 1-бөлімі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды, оған сәйкес оған бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салу не он тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алу қаупі төнеді.

Көршілер арасындағы ұқсас оқиға бір күннен кейін Кошевой көшесіндегі үйде болды.

Аталған фактілер бойынша істер құқық бұзушыларды жауапкершілікке тарту үшін Павлодар қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына жіберілді.

Айта кету керек, 2021 жылы өңір аумағында 450-ге жуық ұсақ бұзақылық фактілері тіркелген.