Саяжай ұрлықтары: шақырылмаған қонақтардан қалай қорғану керек

Саяжай ұрлықтары: шақырылмаған қонақтардан қалай қорғану керек

Жазғы маусым - павлодарлықтардың көпшілігі үшін көптен күткен уақыт. Дәстүр бойынша, көктемде жазғы тұрғындар өздерінің қала маңындағы иеліктеріне асығады, онда жазғы саяжай учаскелерінде жұмыс қызу жүріп жатыр. Бұл кезде тек саяжайда тұратындар қызу еңбек етуде ғана емес, сондай –ақ  біреудің  есебінен пайда көретіндерде «еңбектенуде». Көбінесе қылмыстық қол сұғушылықтың объектісі елде қараусыз қалған мүлік болады. Бұл жеке заттар, азық-түлік, электр құралдары. Сондай - ақ, арам қолдар арасында сұранысқа ие - металл конструкциялары.

- Ағымдағы жылдың 13 мамырында полицияға саяжай аумағынан металл құбырлар ұрланғаны туралы павлодар тұрғыны арызданған. Іздестіру шаралары барысында жедел уәкілдер Ақсу қаласының тұрғынын ұстады. Бұл ер адамның  көрші саяжайда тағы тоғыз металл құбыры мен шелек ұрлағаны анықталды.  Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы ҚК 187-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Полиция қызметкерлері ұсталған азаматтың басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығын тексеріп жатыр,- деді Павлодар облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.

Павлодар облысының Полиция департаменті саяжай учаскелерінің иелеріне өз мүлкін сақтау бойынша шаралар қабылдау қажеттігін ескертеді. Саяжайда құнды заттарды қалдырмаңыз. Бөтен адамдарға үйге кіруді мүмкіндігінше қиындатыңыз. Мықты есіктерді орнатыңыз, оларды күрделі құлыптармен жабдықтаңыз, терезелерге торлар қойыңыз. Саяжайда үнемі тұратын көршілерден үйіңізді қарап  отыруды сұраңыз. Кілттер жоғалған жағдайда құлыптарды дереу ауыстырыңыз. Егер ұрлық орын алса, дереу полицияға хабарлаңыз.