Мас мотоцикл жүргізуші ұсталды

Мас мотоцикл жүргізуші ұсталды

Мотоциклистер көбінесе жолдардағы жеке қауіпсіздігін сақтамайды, жол ережелерін сақтауды да елемейді. Мас күйінде рульге отыру  кездері де болады.

         Ағымдағы жылдың 12 сәуірінде полиция қызметкерлері Гагарин-Ворушин көшелерінің қиылысында жоғары жылдамдықпен келе жатқан "TOUR" маркалы мотоциклін байқады. Ер адамды  тоқтатқан  кезде  алкогольдің өткір иісі пайда болды. Сараптама нәтижелері бойынша мотоцикл жүргізген 28 жастағы қала тұрғыны мас болған.  Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК 608-бабы бірінші бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.   Материал шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді.  Мотоцикл арнайы айыппұл тұрағына орналастырылды.

        Полиция мотоциклистерді  қырағы болып, рұқсат етілген жылдамдықтың шамалы асып кетуі жүргізушінің де, жол қозғалысының басқа қатысушыларының да өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретінін есте сақтауға шақырады. Есіңізде болсын, жол ережелерін сақтау – Сіздің және басқалардың қауіпсіздігінің кепілі.

         Айта кету керек, жыл басынан бері Павлодар облысының аумағында ҚР ӘҚБтК 608-бабының талаптарына сәйкес 300-ге жуық жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.