Павлодарлық полицейлер "Сovid-19" вакцинасын алуды жалғастыруда»

Павлодарлық полицейлер "Сovid-19" вакцинасын алуды жалғастыруда»

Павлодар облысында полицейлер коронавирустық инфекцияға қарсы "Спутник V" вакцинасын алып жатыр. Сонымен қатар, вакцинация қызметкерлерге мұқият медициналық тексеруден және денсаулық жағдайы туралы маңызды мәселелерден кейін жасалады.
- Айта кету керек, полицейлер күн сайын қызметте жүргенде көптеген адамдармен байланыста болады және коронавирустық инфекциямен ауыру қаупі бар. Сондықтан Денсаулық сақтау басқармасымен бірлесіп, қызметкерлерді олардың келісімі бойынша вакцинациялауды ұйымдастыру туралы шешім қабылданды.
Бүгінгі күні облыс полиция департаментінің 474 қызметкері вакцинаны алды, – деді Павлодар облысы полиция департаментінің ЖПБ бастығы Ерлан Шәріпов.
Сонымен қатар, вакцинациядан өткен қызметкерлердің өздері вакцинация туралы шешім ең алдымен туыстарын, әріптестерін және айналасындағыларды қорғау үшін қабылданғанын айтады.
Олар сондай-ақ вакцинадан кейін өздерін жақсы сезінетінін айтады.