7 жылға жүргізу құқығынан айырылып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды

7 жылға жүргізу құқығынан айырылып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды

-

2021 жылы 30 наурызда Ертіс ауданының полицейлері Ертіс ауылы Астана көшесінде рейдтік іс-шаралар жүргізу кезінде "ВАЗ-21074" автокөлігін тоқтатты. Әңгіме барысында 58-жастағы жүргізушіден алкогольдің өткір иісі шықты. Тексеру нәтижелері полицейлердің күдігін растады. Медициналық сараптама қорытындысына сәйкес жүргізуші орта дәрежелі мас күйінде болған,- деді Павлодар облысы Ертіс аудандық полиция бөлімінің бастығы Дәулет Молдабаев.
Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБК 608-бабының 1-бөлімі бойынша әкімшілік іс қозғалды. Жүргізуші уақытша ұстау камерасына орналастырылды, ал автокөлік айыппұл тұрағына қойылды.
Тәртіп сақшылары 2020 жылдың басынан бастап ҚР ӘҚБК 608-бабына өзгерістер енгізілгенін, енді мас күйіндегі жүргізушінің көлік құралын басқарғаны үшін алғаш рет көлік құралын басқару құқығынан айыру мерзімі 3 жылдан 7 жылға дейін ұзартылғанын және 15 тәулікке әкімшілік қамау енгізілгенін еске салады.