Павлодар облысы Полиция департаментінде көктемнің шуақты мейрамы, ел мен елді, ұлыс пен ұлысты біріктіретін мерекені құшағын жайып, қуана қарсы алуда. Полицейлер жаңаша түрдегі қөзқараспен Наурызды қарсы алуға тырысты. Осы мереке қарсыңында әр түрлі ұлтты полиция қызметкерлері Наурыз-мейрамының тарихына саяхат жасап, тыңдармандарына қызықты және танымды болды,-дейді Павлодар облысы Полиция департаменті ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің бас маманы Жанар Абылқайырова. Биыл пандемия жағдайында полицейлер мерекені өзгеше қарсы алды. Сол үшін Наурыз - Batlle-ны өзге ұлт өкілдері арасында ұйымдастырылды. Жігіттер Наурыз-мейрамы туралы білімдерімен бөлісіп, сайысқа түсті, осы сайыстың ең басты шарты - мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін көрсету болды.
- Мен Наурыз-Batlle- ға шын ниетпен қатыстым. Дайындық барысында мен осы мерекені қашаннан бастап тойлайтынын, қашан тойлауға тыйым салынғанын, наурыз сөзінің мағынасына дейін ақпарат алдым. Мен өз туған жерім Қазақстанды, халқын жақсы көремін. Менің ұлтым осетин болғанымен, көпұлтты Қазақстанға үлкен құрметпен қараймын, - деді Павлодар қаласы ПБ Оңтүстік полиция бөлімінің жедел уәкілі полиция аға лейтенанты Арсамак Тохтиев.
- Ал мен үшін биылғы жылғы Наурыз ерекше мейрам болды. Бұл мереке Жаңа жылды ескіше дәстүрмен қарсы алу ғана емес, бұл көктемнің келуі, күн мен түннің теңелуі, қыс ызғарының қайтып, күн шуағының шығуы, әрбір шаңырақта бақыт пен шаттықтың орнатылуы. Менің ұлтым - орыс, бірақ өзімді қазақпын деп сезінемін, себебі осындай байтақ, көп ұлттар тату тұратын елде тұрамын. Биыл Қазақстан Наурыз-Мейрамының 30-жылдығын атап өтеді. Мен осы мемлекетте тұратыныма және де осындай қызықты Наурыз -Battle деген іс-шараға қатысқаныма қуаныштымын, - деді Павлодар облысы Полиция департаменті Жедел-криминалистикалық басқармасының криминалисі полиция капитаны Юрий Духновский. Іс-шараның соңында барлық қатысқан полиция қызметкерлері бірін-біріне жылы лебіздерін білдіріп, Наурызбен құттықтады. Аспанымыз ашық, еліміз тыныш, халқымыз аман болсын деген тілектер айтылды.
Павлодар облысының Полиция департаменті жерлестерін осы көктем шуағын, жылулықты сыйлайтын Ұлысты ұлы күні- Наурыз-мейрамымен шын жүректен құттықтайды. Ақ мол болсын, әрбір отбасына жақсылық, береке-бірлік пен ырыс ұяласын!!!