Бүлінген 8 наурыз

Бүлінген 8 наурыз

8 наурыз қарсаңында кейбіреулер толып жатқан гүл сататын дүкендердегі гүл шоқтарына асығады, ал басқалары әлеуметтік желілердегі гүл парақшаларына тапсырыс береді. Сонымен, 8 наурызда ашуланған қыз гүл дүкеніндегі сатушы ақшасын қайтармады деп Павлодар қаласының полициясына қоңырау шалды.
- Шақыртуды пысықтаған кезде полицейлерге бойжеткен "Instagram" арқылы анасына 8 наурызға құны 8000 теңге тұратын гүл шоғына тапсырыс бергенін түсіндірді. Сатып алу шарттарына сәйкес тапсырысты алдын-ала төледі. Белгіленген уақытта гүл әкелінді, бірақ оған ұнамады, ол Instagram-дағы фотодағыдай сәнді болмады. Полицейлердің араласуынан кейін дау-дамай басылды, ақша қызға толық көлемде қайтарылды, - деді Павлодар қаласы Жергілікті полиция қызметінің бастығы Арман Қаптаев.
"Анамды қуанту үшін мен тағы бір шоқ гүлге тапсырыс бердім, басқа жерге, бірақ қуанышқа анам 9 наурызда ғана бөленді", – деді бойжеткен.