Павлодар облысында өткен брифингте азаматтықсыз құқықтық мәртебені қалай реттеу керектігі айтылды

Павлодар облысында өткен брифингте азаматтықсыз құқықтық мәртебені қалай реттеу керектігі айтылды

Павлодар облысының Полиция департаментінде құжаттары жоқ азаматтардың құқықтық мәртебесін реттеу тақырыбында баспасөз конференциясы өтті. Іс-шараға ІІМ Көші-қон қызметі комитеті төрағасының орынбасары полиция полковнигі Сабыржан Жарылқағанұлы Сейтжанов пен адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстандық халықаралық бюро директорының орынбасары Денис Андреевич Дживага қатысты.

- Құжаттарсыз тұратын адамдардың құқықтық мәртебесін реттеу үшін ІІМ Көші-қон қызметі комитеті БҰҰ-ның ҚР Босқындар істері жөніндегі Жоғарғы комиссарының басқармасымен бірлесіп, құжаттарсыз тұратын адамдарды құжаттандыру бойынша акцияны жалғастыруда. Бұл бұрынғы КСРО паспорттарын уақтылы алмаспаған азаматтар, туу туралы куәлік бойынша 18 жастан асқан адамдар. Елімізде 2020 жылдың 24 қыркүйегінен бастап өтіп жатқан республикалық акция барысында көші-қон қызметінің қызметкерлері олардың құқықтық мәртебесін анықтауда жан-жақты көмек көрсетуде. Акция еліміздің барлық өңірлерін қамтиды, азаматтығы белгісіз тұлғалар бойынша нақты статистикалық деректер айқындалады, сондай - ақ құжаттары жоқ адамдарға олардың құқықтық мәртебесі мен құқықтық сәйкестігін айқындау жөніндегі жағдайды шешуге мүмкіндік береді, - деп атап өтті Адам құқықтары жөніндегі қазақстандық бюро директорының орынбасары Денис Дживага.

Қатысушылар алдында Департаменттің көші-қон қызметі басқармасының бастығы Арман Уәлиев сөз сөйледі.

- Осы акция аясында көші-қон полиция қызметкерлері құжатсыз барлық адамдарды анықтап, азаматтықты анықтау рәсімін жүргізеді, Қазақстан азаматтығына жататындар жеке куәліктермен құжатталады. Ал қандай да бір мемлекеттің азаматтығына тиесілігі анықталмаған адамдар азаматтығы жоқ адамның куәлігін алады.

Акция барысында 2020 жылдың 24 қыркүйегінен 2021 жылдың 25 ақпанына дейін Павлодар облысының аумағында құжатсыз 248 адам анықталды, 138 адам құжаттарды алды, оның ішінде: ҚР жеке куәліктерімен - 118, азаматтығы жоқ адамдардың куәліктерімен - 206 – деп атап өтті  өз баяндамасында Арман Мұратұлы.

Көп жағдайда бұл әртүрлі себептермен қиын өмірлік жағдайға тап болған, құжаттардың жоқтығынан әлеуметтік игіліктерге қол жеткізе алмайтын және ресми жұмысқа орналасу мүмкіндігі жоқ адамдар санаты. Сондықтан Павлодар облысы ПД көші-қон қызметінің қызметкерлері ҚР аумағындағы олардың мәртебесін реттеуге құқықтық көмек көрсетеді. Акция мерзімі 2021 жылдың 1 мамырына дейін жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ өңірдің барлық тұрғындарынан аумақтық көші-қон қызметі органдарына жүгінулеріңізді сұраймыз.

Брифинг барысында қатысушылар әлеуметтік желідегі пайдаланушылармен байланысқа шығып, құжаттарды қалпына келтіру бойынша сұрақтарға жауап беріп, құжаттандыру үшін азаматтар тұрғылықты жері бойынша аудандық полиция бөлімінің көші-қон қызметіне жүгінуі қажет екенін атап өтті, онда бұл мәселені заңда белгіленген қысқа мерзімде шешуге көмек көрсетіледі.

Іс-шара соңында полковник Уәлиев Ертіс өңірінің көші-қон қызметінің қызметкерлері адамдарға олардың құқықтық мәртебесін анықтауға, Қазақстан Республикасы азаматының немесе азаматтығы жоқ адамның құжаттарын ресімдеуге әрдайым көмектесуге дайын екенін айтты.