Павлодарлық есірткі салынған заттарды қоюды жүзеге асыру кезінде ұсталды

Павлодарлық есірткі салынған заттарды қоюды жүзеге асыру кезінде ұсталды

        

Павлодар полицейлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Павлодар қаласының әртүрлі аудандарында құпия - орын жасады деген күдікпен 22 жастағы жас жігітті ұстады.
- Тінту іс-шараларын жүргізу кезінде Павлодар қаласының тұрғынынан ұнтақ тәрізді заты бар 40 пакет тәркіленді. Сараптама нәтижелері бойынша ол есірткі болып табылады - пиралерон. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 296 - бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, - деді Павлодар облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Қуат Түсіпбеков.
Айта кету керек, 2019 жылдан бастап электронды ақпараттық ресурстар арқылы есірткіні тарату жауапкершілігі күшейтілді. Мұндай әрекеттер ауыр қылмыстар санатына жатқызылған, оларды жасағаны үшін 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру көзделген. Интернет-ресурстарды пайдалана отырып, есірткіні тұтынуға көндіру ауыр қылмыстар санатына жатқызылған, оларды жасағаны үшін 3 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген. Азаматтарды есірткі құралдарының заңсыз айналымына тартуға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында оларды насихаттағаны және заңсыз жарнамасы үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілді. Бұл әрекет үшін 3 жылға дейін, ауырлататын жағдайларда 3 жылдан 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған.