Әрбір жоғалған адам табылады!

Әрбір жоғалған адам табылады!

       Павлодар облысының полицейлері із-түзсіз жоғалған азаматтарды іздестіру бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізуде. Полицейлердің жоғары кәсіпқойлығының арқасында Ертіс өңірінің жоғалған тұрғындары қысқа мерзімде үйлеріне аман-есен оралады, іздестіруде өңірлік волонтерлер де үлкен көмек көрсетеді.

Жоғалған адамды табу үшін тәртіп сақшылары облыс еріктілерімен бірлесіп қажетті іс-шаралар кешенін өткізеді.

        Ағымдағы жылдың 26 ақпанында сағат 00.05-те "102" арнасына кәмелетке толмаған екі қыздың әкесі қоңырау шалды. Ол сағат 23.30-да қыздары жанжалдан кейін үйден кеткенін айтты. Жоғалған қыздарды іздеу  бойынша дереу бағдар жасалып, Павлодар облысының барлық гарнизоны таныстырылды. Қабылданған жедел шаралардың арқасында келесі күні таңғы сағат 07.30-да қыздар Павлодар қаласындағы диспечерская көшесіндегі аулалардың бірінен табылды.   Қазіргі уақытта қыздар ата-аналарына тапсырылды. Ата-аналарға қатысты ҚР ӘҚБтК 442-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

             Сонымен қатар, полиция қызметкерлері ата-аналарыға ескертеді: балаңызға өте мұқият болыңыздар, балаларыңыздың таныс шеңберіне, олардың тұрғылықты жеріне, телефондарына қызығушылық танытыңыздар. Бейтаныс адамдармен кездесуге тыйым салыңыз, бейтаныс адамның баласына, оның ішінде Интернетте хабарласудың әр фактісі туралы хабарлауға үйретіңіз.

Ата-аналар өз еркімен кеткен кәмелетке толмаған баланы іздеу кезінде тек достары мен таныстарының телефон қоңырауларымен, аула аумағын айналып өтумен шектелмейтінін білуі керек. Қымбат уақытты жоғалтпаңыз-дереу полицияға хабарласыңыз.