Жалған жүргізуші құжаттарын пайдаланғаны үшін қылмыстық жауапкершілік

Жалған жүргізуші құжаттарын пайдаланғаны үшін қылмыстық жауапкершілік

Кейбір намыссыз азаматтар өздерін оқумен әурелемей, қомақты ақша жұмсай отырып, қажетті құжаттарды алудың заңсыз жолдары мен тәсілдерін іздейді.
- Бүгінгі күні құжаттарды қолдан жасаудың 17 фактісі тіркелді. Мысалы, 2021 жылдың қаңтар айында Павлодар қаласында ер адам бейтаныс адамнан «В, С» санаттары бойынша жүргізуге рұқсаты бар жалған жүргізуші куәлігін сатып алды, бұл ретте ол үшін 50 000 теңге төледі. Жалған жүргізуші куәлігін пайдаланғаны үшін павлодарлыққа қатысты Қазақстан Республикасы ҚК 385 - бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, - деді брифингте Павлодар облысы ПД бастығының орынбасары Рашад Өтеуов.