Май ауданы полиция бөлімінің бастығы аудан тұрғындарына есеп берді

Май ауданы полиция бөлімінің бастығы аудан тұрғындарына есеп берді



25 ақпанда Май ауданы полиция бөлімінің бастығы Нығметолла Қаббасов Павлодар облысы Полиция департаментінің бастығы Нұрлан Мәсімовтің қатысуымен аудан тұрғындарымен есепті онлайн кездесу өткізді.
Нығметолла Қаббасов аудан аумағында аса ауыр және ауырлығы орташа қылмыстар көбейгенін айтты. Сонымен бірге, ауырлығы орташа қылмыстардың 32% -ға төмендеуіне қол жеткізілгенін атап өтті. Тонау, бопсалау қылмыстарына, бұзақылыққа жол берілген жоқ. Сонымен қатар, бөтеннің мүлкін ұрлау саны 35% -ға азайды.
- Мал ұрлығы ауылдық аймақтың негізгі мәселелердің бірі болып табылады және қазіргі уақытта ерекше өзекті - деді бастық. Полиция қабылдаған
шаралар нәтижесінде мал ұрлығын 54%-ға төмендетуге қол жеткізілді. 773 иесіз мал арнайы тұрақтарға орналастырылды, сол үшін иелері әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Облыста «мас күйде жасалатын қылмыстарды» алдын алу мақсатында 5 адам алкоголизмнен мәжбүрлеп емдеуге жіберілді. Алкогольдік ішімдіктердің заңсыз айналымы үшін 4 құқық бұзушылық анықталды, этил спиртінің заңсыз айналымы бойынша 1 хаттама жасалды.
Жол қауіпсіздігі бағыты бойынша 4 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 6 адам жарақат алды, 1 адам қайтыс болды. Жол техникалық қадағалауды бұзғаны үшін 14 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды.
Онлайн-кездесу барысында көші-қон қызметінің жұмысына ерекше назар аударылды, аудан аумағына 19 шетелдік келіп, уақытша тіркелді. Облыста барлығы 25 шетелдік азамат пен азаматтығы жоқ адамдар тұрақты тұрады, оның ішінде 21 - тұруға ықтиярхатпен және 4 - азаматтығы жоқ адамның куәлігімен.
- Полицияда тіркелген 88 азаматтық қарудың иесі бар. Құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу мақсатында полиция қызметкерлері қару иелерін тұрғылықты жерлері бойынша тексерулер жүргізді, сақтау ережелерін бұзғаны үшін 28 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - деді Нығметолла Қаббасов.
Есеп беру барысында Нығметолла Матанұлы жалпы аймақтағы жедел жағдай тұрақты және үнемі бақылауда екенін баса айтты. Қылмысты азайту және қылмыстың ашылу деңгейін арттыру мақсатында ішкі істер органдарының жеке құрамы жұмысты бұрынғы режимде жалғастырады.
Онлайн-отырыстың соңында қатысушылар басшылардан өздерін толғандырған сұрақтарға толыққанды жауаптар алып, аудандық полиция бөлімінің жұмысы бойынша ұсыныстар енгізе алды.
Соңында Павлодар облысы Полиция департаментінің бастығы Нұрлан Мәсімов ауыл тұрғындарына белсенді азаматтық ұстанымы және диалогқа қатысқаны үшін алғыс айтты.