8 мыңға жуық жүргізуші қауіпсіздік белдігін тақпай көлік жүргізген

8 мыңға жуық жүргізуші қауіпсіздік белдігін тақпай көлік жүргізген

Көліктің тұтандыру жүйесіндегі кілтті бұрамас бұрын қауіпсіздік белдігін тағу қажет екенін көпшілік жүргізуші болмай тұрып-ақ біледі. Алайда тәжірибе көрсеткендей, жүргізушілер бұл талапты жиі елемейді.
Жол-көлік оқиғалары кезінде жүргізуші немесе жолаушы қауіпсіздік белдігін тақпағандықтан жарақат алатын жағдайлар аз емес.
– Павлодар өңірінде жол қозғалысының осы ережесін бұзушылар аз емес. Статистикалық мәліметтерге сәйкес, жыл басынан бері қауіпсіздік белдігін тақпаған 7 966 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Мәселен, Павлодар қаласында Малайсары батыр көшесінде патрульдеу барысында полиция қызметкерлері «Toyota» маркалы автокөлікті тоқтатты. Оның жүргізушісі қауіпсіздік белдігін тақпаған. Аталған құқық бұзушылық үшін ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған айыппұл салынды, – деп хабарлады Павлодар облысы ПД.
Полицейлер азаматтарды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, өз қауіпсіздігі үшін жолда қырағы әрі мұқият болуға шақырады.