Қауіпті маневр: Павлодарда жүргізуші бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кетті

Қауіпті маневр: Павлодарда жүргізуші бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кетті

Жол қозғалысы ережелерін бұзудың салдары әлі де ауыр - бұл жарақат алу және, өкінішке қарай, адамдардың қаза болуы. Күн сайын жолдарда жауапсыз жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер кездеседі. Ережелерді елемей, олар жол қозғалысына басқа қатысушыларға қолайсыздық келтіріп қана қоймай, өз өмірі мен айналасындағылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді.
- Мәселен, Павлодар қаласында Н. Назарбаев көшесінде Kia Rio автокөлігінің жүргізушісі бағдаршамның тыйым салынған сигналына өтіп, жол қозғалысына басқа қатысушылар үшін қауіпті жағдай туғызған. Жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаменті.
Айта кетейік, жыл басынан бері өңір полицейлері жүргізушілердің бағдаршамның тыйым салынған сигналына өтуінің 1508 фактісінің жолын кесті.
Полиция жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Рөлдегі жауапты мінез-құлық - жүргізушінің ғана емес, жол қозғалысына қатысушылардың барлығының қауіпсіздігінің кепілі.