Маршруттағы қауіпсіздік: павлодарлық полицейлер қалалық автобустардың техникалық жай-күйін тексерді

Маршруттағы қауіпсіздік: павлодарлық полицейлер қалалық автобустардың техникалық жай-күйін тексерді

Павлодар қаласында «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында полиция қызметкерлері жолаушыларды тасымалдайтын көлік құралдарының техникалық жағдайына тексеру жүргізуде. Автобустарға қызмет көрсететін төрт автокәсіпорын тексеріліп, нәтижесінде көлік құралдарының техникалық ақауларына байланысты заң бұзушылықтар анықталды. Осыған байланысты жүргізушілер әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ техникалық ақауы бар көлік құралдарын пайдалануға шығарғаны үшін автокәсіпорын басшылары да жауапкершілікке тартылды.
– Азаматтардың қауіпсіздігі – полиция қызметінің басты басымдығы. Біз жолаушылар тасымалына бақылауды жүйелі түрде күшейтіп, жолдардың жай-күйін комиссиялық түрде тексеріп, жол белгілері мен жол таңбаларын жаңарту жұмыстарын жүргізіп келеміз. Сонымен қатар ата-аналар да балаларына жол қозғалысы ережелерін үнемі еске салып отырғаны маңызды. Тек бірлескен күш-жігердің арқасында ғана жол-көлік оқиғалары салдарынан болатын жарақаттануды, оның ішінде балалардың жарақаттануын азайта аламыз, – деді Павлодар қаласы полиция басқармасының мемлекеттік автоинспекторы Сұлтан Жүнісов.
Ведомствода анықталған барлық заң бұзушылықтар бойынша оларды жою және тиісті шаралар қабылдау үшін ұйымдарға нұсқамалар жолданғаны хабарланды.