
Павлодар облысының полицейлері «Ертіс» пен «Жеңіс» командалары арасындағы футбол матчы кезінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етті. Ойын басталар алдында тәртіп сақшылары қауіпсіз жағдай жасау мақсатында кешенді профилактикалық шаралар жүргізді. Кездесу барысында полиция қызметкерлері стадион трибуналарында да, оған іргелес аумақта да қызмет атқарып, туындаған жағдайларға жедел әрекет етті.
Қызметкерлер қоғамдық орында тәртіп сақтау қағидаларының орындалуын бақылауға және жанкүйерлер арасындағы жанжалдардың алдын алуға ерекше назар аударды. Полицияның, матч ұйымдастырушылары мен қауіпсіздік қызметтерінің үйлесімді әрі нақты жұмысының арқасында спорттық шара тыныш әрі қауіпсіз жағдайда өтті.
Ірі бұқаралық іс-шаралар кезінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету құқық қорғау органдары қызметінің басым бағыттарының бірі болып қала береді. Бұл өңір тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.