Әрбір шақыртудың артында адам тағдыры бар

Әрбір шақыртудың артында адам тағдыры бар

Павлодар қаласы Полиция басқармасы Оңтүстік полиция бөлімінің №13 учаскелік полиция пунктінің учаскелік полиция инспекторы Сабыр Саиповтың жұмыс күні азаматтарды қабылдаудан басталады. Бірі арыз-шағыммен келсе, енді бірі кеңес пен көмек сұрайды. Алайда кабинетте ұзақ отыруға уақыт жоқ. Арада көп өтпей-ақ жаңа шақырту, профилактикалық жұмыстар, есепте тұрған азаматтарды тексеру, мас күйіндегі адамдарды Уақытша бейімдеу және детоксикация орталығына жеткізу, тұрғындармен кездесу және қызметтік материалдарды рәсімдеу басталады. Оның әрбір жұмыс күні осылай өтеді.
Сабыр Саипов ішкі істер органдарындағы қызметін 2013 жылы бастаған. Ал 2016 жылдан бері учаскелік полиция инспекторы болып қызмет атқарады. Осы уақыт ішінде ол өз әкімшілік аумағындағы тұрғындардың барлығын жақсы танып үлгерді. Ал тұрғындар болса өз учаскелік инспекторын жақсы біледі.
Қарбалас жұмыс кестесіне қарамастан, ол отбасымен бірге түскі ас ішуге аз да болса уақыт табады. Бір қызығы, Сабыр болашақ жарымен қызметтік шақыртулардың бірінде танысқан. Бүгінде олар екі баланы тәрбиелеп отыр, ал үйінде оны ең жақын жандары күтіп отырады.
Учаскелік полиция инспекторының жұмысы бір күнмен шектелмейді. Тұрғындар өз тіршілігімен айналысып жүргенде, ол әрдайым көмекке келуге дайын. Нағыз учаскелік полиция инспекторының басты міндеті де осы.