«Эх, серуендетіп жіберейін»: Павлодарда мас күйде электрсамокат пен электроцикл басқарғандар ұсталды

«Эх, серуендетіп жіберейін»: Павлодарда мас күйде электрсамокат пен электроцикл басқарғандар ұсталды

– Жазғы маусымда полиция микромобильді көлік құралдарын пайдаланушылар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға ерекше көңіл бөлуде. Бұл олардың танымалдығының артуымен тікелей байланысты, – деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаменті.
Ағымдағы жылдың 1 шілдесінде Павлодар қаласындағы Лимонная көшесінде полицейлер электроцикл жүргізушісін тоқтатты. Әңгімелесу барысында ер адамнан алкогольдің иісі аңғарылған.
Тағы бір жағдайда Жібек жолы көшесінде тәртіп сақшыларының күдігін тудырған «Leopard» маркалы электрсамокат жүргізушісі тоқтатылды. Жүргізушілердің алкогольдік масаңдық деңгейін анықтау мақсатында жүргізілген медициналық куәландыру олардың көлік құралдарын мас күйде басқарғанын көрсетті.
Полиция жол қозғалысы ережелерін сақтау – жай ғана талап емес, барлық жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің басты шарты екенін еске салады.