Аив–ті тоқтат, есірткіні – тоқтат!

Аив–ті тоқтат, есірткіні – тоқтат!

Есірткіге қарсы полицейлер ЖИТС-қа қарсы күрес күні қарсаңында профилактикалық іс-шараларға қатысты.

Павлодар «Жасыл ел» студенттік құрылыс және жастар жасақтарының штабында дүниежүзілік ЖИТС-қа қарсы күрес күні қарсаңында іс-шара өткізілді.

Семинар барысында Павлодар облыстық ЖИТС-тің алдын алу және күрес жөніндегі орталығының мамандары адам ағзасында қауіпті және қауіпсіз биологиялық сұйықтықтың жұғу жолдары және АИВ/ЖИТС-тің алдын алу шаралары туралы әңгіме жүргізді. Нашақорлық проблемалары және оның алдын алу жолдары бойынша қатысушыларды ақпараттандыру деңгейін арттыру мақсатында, полиция майоры Ирина Тимиргалиева нашақорлықтың проблемасын, есірткіні қолдану салдарының ауқымдығын айтып берді, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің баптары мен есірткі қылмыстарын жасағандары үшін жауаптылық, соның ішінде есірткі мен психотропты заттарды жарнамалайтын граффити жазулар салғаны үшін қандай жауаптылыққа тартылатындары туралы түсіндірді. 

Семинар бойы іс-шарадағы барлық қатысушыларды жаман әдеттен арылып, салауатты өмір салтын ұстануға арналған сахналық көріністер мен миниатюралар көрсетілді.

Семинардың соңында қатысушыларды салауатты өмір салтын ұстануға және спортпен шұғылдануға шақырды.