Полиция назарында – балалар

Полиция назарында – балалар

— Жазғы демалыс қарсаңында Павлодар облысының аумағында ағымдағы жылдың 18–25 мамыры аралығында балаларды жол-көлік жарақаттарынан қорғауға бағытталған «Назар аударыңыз — балалар!» республикалық акциясы өткізілуде, — деп хабарлайды Павлодар облысы ПД.
Осы кезеңде тәртіп сақшылары, оқушылармен жол-көлік жарақаттарының алдын алу, жол жүру бөлігінің маңындағы қауіпсіздік ережелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
— Мұндай кешенді шаралар балалар арасындағы жол-көлік жарақаттарының деңгейін тұрақтандыруға мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде жол қозғалысына қатысатын ең жас қатысушылардың өмірі мен денсаулығына оң әсерін тигізеді, — деп атап өтті ведомствода.