
Полиция қызметкерлері Павлодар қаласында ВАЗ-2115 автокөлігін айдап кеткен екі ер адамды жедел түрде қолға түсірді. Көлік иесі салғырттық танытып, кілтті көлік ішінде қалдырған.
«Перехват» жоспары барысында тәртіп сақшылары тастап кеткен автокөлікті Омбы – Майқапшағай автожолынан тапса, күдіктілер жақын маңдағы ауылдағы қараусыз қалған ғимараттан ұсталды. Ұсталғандардың Екібастұз қаласының тұрғындары екені анықталды, олардың бірі бұған дейін осындай қылмыстар үшін жауапкершілікке тартылған.
Полиция ескертеді: көлік ұрлығының басым бөлігі қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтамаудан орын алады. Көлікте кілтті қалдырмаңыз және есіктердің жабылғанын міндетті түрде тексеріңіз