
Велосипедшілердің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында полиция қызметкерлері өңір тұрғындарына Жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау қажеттігін ескертеді.
— Күннің жылынуымен жолдарда велосипедшілер саны айтарлықтай артады. Жол-көлік оқиғаларының негізгі себептері — қозғалыс қатысушыларының мұқият болмауы, жолды рұқсат етілмеген жерден кесіп өту, түнгі уақытта жарық қайтаратын элементтерсіз жүру, сондай-ақ маневр жасау қағидаларын бұзу, — дейді Павлодар қаласы ПБ ППБ рота командирі Рахим Ибраев.
Велосипедшілерге:
* велосипед жолақтарымен, ал олар болмаған жағдайда жолдың оң жақ шетімен жүру;
* жаяу жүргіншілер өткелінен велосипедті жетектеп өту;
* қараңғы уақытта жарық қайтаратын элементтер мен жарамды жарық құралдарын пайдалану;
* қозғалыс кезінде қауіпсіз жылдамдық пен арақашықтықты сақтау;
* қорғаныс шлемі мен жеке қорғаныс құралдарын қолдану қажет.
Ата-аналарға балалармен жолдағы қауіпсіздік ережелері туралы профилактикалық әңгімелер өткізу және ересектердің қарауынсыз қарқынды көлік қозғалысы маңында велосипед тебуге жол бермеу ұсынылады.
Жолдағы қауіпсіздік әрбір қозғалыс қатысушысының тәртібі мен жауапкершілігіне байланысты.