
Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында жергілікті пабликтердің бірінде жүргізушінің құрылыс қоқысын төгіп жатқан бейнежазбасы жарияланған.
— Аталған бейнежазба бойынша полиция қызметкерлері Газель автокөлігінің 39 жастағы жүргізушісі ҚазПравда және Парковая көшелерінің қиылысында қоқысты рұқсат етілмеген жерге төккенін анықтады. Жүргізуші абаттандыру қағидаларын бұзғаны және тиісті рұқсатсыз қайта жабдықталған көлікті басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, — деді Павлодар қаласы Полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының командирі Жандос Байкенов.
Айта кету керек, жыл басынан бері Павлодар облысының полицейлері қоғамдық орындарды ластаған және аумақтарды абаттандыру қағидаларын бұзған 2125 құқық бұзушыны жауапкершілікке тартты.