Адал азамат: неге заң ішкі тәртіптен басталады?

Адал азамат: неге заң ішкі тәртіптен басталады?

«Заң және тәртіп» республикалық акциясы аясында Шарбақты ауданының мектеп оқушылары полиция қызметкерлерімен кездесті. Бұл жолы кездесу құрғақ дәріс емес, ашық әрі шынайы әңгіме форматында өтті. «Адал азамат» тақырыбындағы сынып сағаты қоғамды біріктіретін құндылықтар туралы мазмұнды пікір алмасуға ұласты.
Полиция қызметкерлері өз қызметтерінің қыр-сырымен бөлісіп, нақты мысалдар арқылы әділдік пен айналаға құрметтің жай ғана әдемі сөз емес, әрбір табысты адамның өмірінің негізі екенін түсіндірді.
- Заңды сақтау жазадан қорқудан емес, ішкі тәртіптен, адалдық пен өз іс-әрекетіне жауапкершіліктен басталады», — деп атап өтті Шарбақты ауданы полиция учаскелік инспекторы Қадырханов Саян.
Кездесу барысында «қателіктің құнына» ерекше назар аударылды. Тәртіп сақшылары нақты мысалдар арқылы бір ғана ойланбай жасалған әрекеттің болашаққа қалай әсер ететінін көрсетті. Негізгі ой — заңды сақтау әр адамның жеке таңдауынан басталады, ал бұл таңдау оның болашағын айқындайды.
Оқушылар тек тыңдаушы болып қалмай, белсенді түрде пікірталасқа қатысып, өзекті сұрақтар қойып, азаматтық жауапкершілік туралы өз ойларымен бөлісті. Мұндай формат жастар мен құқық қорғау органдары арасындағы сенімді нығайтуға мүмкіндік берді.
Осындай кездесулер заң мен тәртіп жеке өмірлік ұстанымға айналғанда ғана қоғамның мықты әрі қауіпсіз болатынын көрсетеді.