Ағымдағы жылдың басынан бастап бұзушылықтарды анықтау жүйелерімен автоматты режимде 240 млн.теңге сомасына орындау үшін шамамен 26 мың ұйғарым тіркелді, оның ішінде 171 млн. теңге сомасына 19 мың 244 ұйғарым орындалды.
Егер әкімшілік құқық бұзушылық автоматты режимде жұмыс істейтін сертификатталған арнайы бақылау-өлшеу техникалық құралдарымен және аспаптарымен тіркелсе, тұлға айыппұл төлеу қажеттігі туралы тиісті хабардар етілген сәттен бастап жеті тәулік ішінде көрсетілген айыппұл сомасының елу пайызы мөлшерінде айыппұл төлеуге құқылы, - деді Павлодар облысы ПД бастығының орынбасары Дамир Сиразидимов.
Жол қозғалысы ережелері мен қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін әкімшілік айыппұл төлеудің БСК 204106 тұрғылықты жері бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасын көрсете отыра жүргізіледі. Сонымен қатар Еgov.kz. сайтында, Kaspi.kz қосымшасында, кез келген екінші деңгейдегі банкте немесе Қазпочта бөлімшелерінде, мамандандырылған ХҚКО-ларда және терминалдарда кейіннен тұрғылықты жері бойынша ІІО-ның әкімшілік практика бөлімшесіне төлем құжатын (түбіртегін) ұсына отырып жүргізіледі.
Айыппұлды уақтылы төлемеген жағдайда, сіз келесі шектеулерге тап болуыңыз мүмкін: