Павлодар облысы полиция департаментінде бірінші тоқсанның қорытындылары шығарылды

Павлодар облысы полиция департаментінде бірінші тоқсанның қорытындылары шығарылды

Облыстық полиция ведомствосында департамент бастығы Василий Скляр төрағалығымен жедел кеңес өтті. Онда биылғы жылдың бірінші тоқсанындағы жұмыс нәтижелері, сондай-ақ Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында іске асырылып жатқан шаралардың тиімділігі талқыланды. Кеңеске ведомство басшысының орынбасарлары мен дербес бөлімшелердің жетекшілері қатысты.

– Қабылданған ұйымдастырушылық және практикалық шаралардың нәтижесінде қылмыстық құқық бұзушылықтарды тіркеу 240 фактіге немесе 21%-ға төмендеді. Аса ауыр және ауыр қылмыстар 123 фактіге немесе 31%-ға азайды. Сонымен қатар кісі өлтіру, тонау, ауыр дене жарақаттарын салу, интернет-алаяқтық, ұрлық және мал ұрлығы деректерінің саны да төмендеді, – деді Павлодар облысы полиция департаментінің бастығы Василий Скляр.

Ведомство басшысы қоғамдық орындарда және тұрмыста жасалатын қылмыстар санының азайғанын, сондай-ақ жол-көлік оқиғаларының төмендегенін атап өтті.

Кеңес барысында департамент бастығының орынбасарлары баяндама жасап, қол жеткізілген нәтижелермен қатар, қосымша пысықтауды қажет ететін мәселелерді де көтерді. Бірқатар бағыттар бойынша қызмет тиімділігін арттыруға бағытталған нақты тапсырмалар берілді.

Жиында Ішкі істер министрі жариялаған Қауіпсіз балалық шақ кепілдігі жылы аясында балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері де жеке қаралды. Негізгі назар жасөспірімдер қылмысының алдын алуға, сондай-ақ білім беру ұйымдары және ата-аналар қауымдастығымен өзара іс-қимылды күшейтуге аударылды.
Сонымен қатар азаматтардың өтініштері мәселесіне ерекше көңіл бөлінді.
– Біз тұрғындармен бірлесе жұмыс істеуіміз керек, басты мақсат – азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Азаматтар полицияға түрлі мәселелер бойынша жүгінеді. Оларды тек қылмыстық істер ғана емес, қоғамдық тәртіптің бұзылуы, жол қауіпсіздігі және халық тығыз орналасқан аудандардағы профилактикалық жұмыс та алаңдатады, – деді Василий Скляр.
Ведомство басшысы алдағы кезеңдегі негізгі жұмыс бағыттарын айқындап, жеке құрамға сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу, қызметтік тәртіп пен Әдеп кодексі талаптарын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды.

Кеңес қорытындысында Василий Скляр полиция жұмысының сапасын одан әрі арттыру, профилактикалық бағытты күшейту және қызметке инновациялық шешімдерді енгізу қажеттігін атап өтті. Алдағы кезеңге нақты міндеттер қойылып, олар қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге, азаматтардың қауіпсіздігін арттыруға және халықтың сенімін нығайтуға бағытталды.

– Полиция жұмысты жақсартуға қатысты ұсыныстар мен тілектер үшін әрқашан ашық, – деп сөзін қорытындылады ведомство басшысы.