
Облыс аумағында қоғамдық тәртіпті сақтау, көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу мақсатында «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасуда.
Бір тәулік ішінде полиция қызметкерлері 9 қылмысты ашып, іздеуде жүрген 2 қылмыскерді ұстады. Сонымен қатар, қоғамдық және жол қауіпсіздігі саласында 518 құқық бұзушылықтың жолы кесілді. Атап айтқанда, алкоголь өнімдерін заңсыз сату бойынша – 12 дерек, ұсақ бұзақылық – 19, қоғамдық орындарда мас күйінде жүру немесе ішімдік ішу – 95, қоғамдық орындарда тиісу – 142 дерек тіркелді. Сондай-ақ, қарсы жолаққа шығу бойынша – 4 дерек, жаяу жүргіншілерге жол бермегені үшін – 37 жүргізуші жауапкершілікке тартылды, мас күйінде көлік жүргізгені үшін – 85 жүргізуші анықталды, – деп хабарлады Павлодар қаласы ПБ патрульдік полиция батальонының командирі Жандос Байкенов.
«Заң мен тәртіп» қағидаты ішкі істер органдары қызметінің негізі болып қала береді. Ол азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, қоғамдық тәртіпті және жол қауіпсіздігін сақтауға бағытталған. Құқық бұзушылар өз әрекеттері үшін міндетті түрде жауап береді.