Оның ерлігі біздің жүрегімізде мәңгі

Оның ерлігі біздің жүрегімізде мәңгі

2011 жылдың 12 қарашасында атыс кезінде жараланған полиция капитаны Ғазиз Байтасов адамдарды құтқару үшін террористті гранатамен залалсыздандырды – бірақ  құтқару  бағасы  өмірімен қоштасу болды... Ғазиз Байтасов – еліміздегі ең жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – "Халық Қаһарманы"атағына ие болған алғашқы полиция қызметкері.

Павлодар облысының патрульдік полиция батальонының шеруінде қызметкерлер полицейді бір минуттық үнсіздікпен еске алды.

- Бүгін біз осыдан тура 9 жыл бұрын қызметтік борышын өтеу үстінде қаза тапқан әріптесімізді еске алу үшін сіздермен кездестік. Отан алдындағы қызметтік борышын абыроймен атқарып, ол көптеген азаматтарымыздың өмірін сақтап қалды – деді өз сөзінде Павлодар облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Жандос Орымбаев – мырзалар! жол полициясының жеке батальоны взводының командирі капитан Халық Қаһарманы Байтасов Ғазиз Әбдікенұлын бір минут үнсіздікпен еске аламыз…

- Мырзалар! Мен сіздерді қызметті жауапкершілікпен және адал атқаруға, заңдылықты қатаң сақтауға, қызметтік борышты мінсіз орындауға шақырамын  және  күн сайын отбасыларыңызға аман-сау оралуларыңызға тілектеспін! - деді Жандос Болатұлы.

Батальон полицейі полиция аға лейтенанты Жәнібек Райымбековке Ғазиз Байтасовтың ерлігі ол үшін Отанға лайықты қызмет етудің және полицейдің кәсіби борышын атқарудың жарқын мысалы болып табылады: "Оның қазасы бірде-бір қазақстандықты бей-жай қалдырмаған нағыз трагедияға айналды. Сол қорқынышты оқиғалардан бері 9 жыл өтсе де, Ғазиз Әбдібекұлының есімі біздің жүрегімізде мәңгі сақталады", -  деді.

Батальон полицейі полиция аға лейтенанты Нұрсұлтан Азаматов Ғазиз Байтасов барлығымызға мемлекет пен қоғамға лайықты және жанқиярлық қызмет етуге дайын екендігімізді көрсетті және ол нағыз полиция қызметкері, оның мысалында бүгінгі таңда жас ұрпақты тәрбиелеу қажет деп есептейді.