
Қарсы бағыттағы жолаққа шығу — жай ғана құқық бұзушылық емес, бұл өзгенің өмірімен ойнау. Осындай кезекті «батыл» жүргізуші Павлодар қаласындағы Малайсары батыр көшесінің қарбалас бөлігінде ұсталды. Hyundai көлігінің жүргізушісі бірнеше минут үнемдеуді көздеп, тұтас сызықты кесіп өтіп, қарсы бағыттағы көліктерге өлім қаупін төндірді.
Айта кетейік: мұндай маневрдің «бағасы» нақты белгіленген және шағымдануға жатпайды. Заңнамаға сәйкес, жаза — көлік құралын басқару құқығынан 6 айға айыру. Алты ай жаяу жүру — «жылдам өтіп кету» әрекетінің ең төменгі жазасы ғана. Алайда мұндай жаза да құқық бұзушыларды тоқтатпай отыр. Құқық бұзушы жүргізушіге қатысты материалдар сотқа жолданды.
- Мұндай маневрлер жарақат пен өлімге әкелетін ауыр жол-көлік оқиғаларының негізгі себептерінің бірі. Жыл басынан бері облыста осындай құқық бұзушылықтар үшін 74 жүргізуші жүргізуші куәлігінен айырылды, оның ішінде 40-ы Павлодар қаласында. Тұтас сызық — бұл қабырға екенін ұмытпау керек. Оны «бұзып өтпек» болған адам тек жүргізуші куәлігін ғана емес, өз өмірі мен өзгелердің өмірін де қатерге тігеді. Біздің басты мақсат — тәртіп пен қауіпсіздік. Полиция тәулік бойы жұмыс істейді. Бейнебақылау камералары мен патрульдік экипаждар әрбір құқық бұзушылықты тіркейді, — дейді Павлодар қаласы ПБ патрульдік полиция батальонының командирі Азамат Қалиақпаров.
«Заң мен тәртіп» қағидаты қатаң сақталады: азаматтардың өміріне қауіп төндіретін әрбір адам қолданыстағы заңнама аясында тиісті жазасын алады.