
Павлодарда полицейлер Volkswagen Touareg көлігін айдап кеткен күдіктіні ізін суытпай ұстады.
Павлодар қаласының тұрғыны үшін таң күтпеген жайсыз оқиғамен басталды. Таңғы сағат 06:55-те Иртышская көшесіндегі үй ауласынан белгісіз адам оның Volkswagen Touareg маркалы кроссоверін айдап кеткен.
Оқиға орнына келген тәртіп сақшылары анықтағандай, әйел адам өзі қылмысқа жағдай жасап берген. Жұмысқа жиналып жатып, көлігін оталдырып, бірақ үйде сөмкесін ұмытып кеткенін есіне түсіреді. Көліктің кілтін оталдыру құрылғысында қалдырып, қозғалтқышты сөндірмей, подъезге кіріп кеткен. Сол сәтте күдіктіге небәрі 4 минут жеткілікті болды — ол көлікті айдап әкеткен, ал иесі қайта оралғанда тұрақ орнынан көлігін таппай қалған.
– Дабыл бойынша дереу көлікке бағдар беріліп, барлық бөлімшелерге хабарланды, бекеттер қойылды, — деді Павлодар облысы ПД ЖБ бастығының міндетін атқарушы Гомар Шабиденов.
ЖБО бейнебақылау камералары мен жедел әрекеттердің арқасында ұрланған көліктің «серуені» ұзаққа созылмады. Автокөлік 20 минут ішінде табылып, күдікті ұсталды. Қазіргі уақытта көлік құралын заңсыз иемдену фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Полиция ескертеді: Көлікті тіпті бірнеше минутқа қалдырсаңыз да, оеы міндетті түрде сөндіріп, дабыл жүйесін қосыңыз. Кілттерді, құжаттарды және бағалы заттарды көзге көрінетін жерде қалдырмаңыз. Түнгі уақытта мүмкіндігінше күзетілетін тұрақтарды пайдаланыңыз. Сіздің қырағылығыңыз — қылмыстың алдын алудың ең тиімді жолы.