Павлодарда есірткі құқық бұзушылықтарының жолын кесу бойынша рейд өткізілді

Павлодарда есірткі құқық бұзушылықтарының жолын кесу бойынша рейд өткізілді

«Айқын нәтиже» іс-шаралар жоспары аясында Павлодар қаласы ПБ Оңтүстік полиция бөлімінің қызметкерлері қала прокуратурасымен бірлесіп, сондай-ақ 5512 әскери бөлімінің әскери қызметшілері және қызметтік-іздестіру иттері бар кинологтармен бірге саяжай алқаптарында рейд өткізді.

Профилактикалық іс-шара «Сосновый бор» және «Яблонька» бау-бақша серіктестіктерін қамтыды.

Рейдтің мақсаты – есірткі зертханаларының қызметін, есірткі құралдарын заңсыз дайындау фактілерін, сондай-ақ өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді өсіруді жолын кесу.

Іс-шара барысында саяжай учаскелері мен іргелес аумақтар тексерілді. Ерекше назар қараусыз қалған құрылыстар мен жедел қызығушылық тудыратын орындарға аударылды.

Мұндай іс-шаралар қала аумағында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алуға бағытталған.