
- Патрульдік полиция қызметкерлері алкогольдік немесе есірткілік мас күйінде көлік жүргізетін жүргізушілерді анықтауға бағытталған іс-шараларды жүйелі түрде жүргізіп келеді. Мәселен, түнгі уақытта Павлодар қаласында Камзин көшесінде «Chevrolet Cruze» маркалы автокөлік тоқтатылды, – деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінде.
Құжаттарды тексеру барысында полицейлер жүргізушіден алкогольдің иісін сезді. Сараптама оның мас күйде болғанын көрсетті. Сондай-ақ жүргізушінің бұған дейін 7 жылға көлік басқару құқығынан айырылғаны анықталды.
Павлодар облысының Полиция департаменті тағы да ескертеді: мұндай әрекет жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына нақты қауіп төндіреді және ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін.
Өзіңізді және айналаңыздағы адамдарды сақтаңыз — мас күйінде көлік жүргізбеңіз. Сіздің жауапты шешіміңіз біреудің өмірін сақтап қалуы мүмкін.