
Екібастұз қаласының полицейлері қоғамдық орындарда тексерістерді күшейтуді жалғастыруда. Рейдтердің мақсаты — заңмен қатаң тыйым салынған жерлерде кальян шегу фактілерін анықтап, оның жолын кесу. Жыл басынан бері қалада кафе мен ойын-сауық орталықтарында темекі өнімдерін тұтынуға байланысты бірқатар құқықбұзушылық тіркелген.
Жуырда осындай оқиғалардың бірі жергілікті мекемелердің бірінде орын алды: келуші ережелерді елемей, залдың ішінде кальян шекпек болған. Полицейлер құқықбұзушылықты сол жерде тоқтатты. Нәтижесінде әкімшілік хаттама толтырылып, тыйым салынған жерде темекі шеккені үшін айыппұл салынды.
— Мұндай тексерістер тұрақты түрде жүргізіледі. Біз кафе, барлар мен клубтарды аралап, тек құқықбұзушылықтардың алдын алып қана қоймай, заң талаптарын түсіндіреміз. Полиция ескертеді: қоғамдық орындар түтіннен таза болуы тиіс, ал ережені бұзғаны үшін келушілер де, мекеме иелері де жауапқа тартылады, — деді Павлодар облысы Екібастұз қалалық полиция басқармасының қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің бастығы Медет Бейсенов.