Ана болудың бағасы — 800 мың теңге: Павлодарда жаңа туған сәбиді сату әрекетінің жолы кесілді

Ана болудың бағасы — 800 мың теңге: Павлодарда жаңа туған сәбиді сату әрекетінің жолы кесілді

Павлодар облысы полициясының жедел қызметкерлері жаңа туған нәрестені сату әрекетінің алдын алды.

Түркістан облысының 23 жастағы тұрғыны жүктіліктің соңғы кезеңінде әлеуметтік желілер арқылы әдейі сатып алушылар іздеген. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері оны анықтап, қылмыстық ниетін құжаттап, бақылау арқылы ұстаған.

Әйел босанғаннан кейін үш күндік нәрестені ақшаға бермек болған. Дәл осы сәтте ол қылмыс үстінде ұсталды.

Полицияның дер кезінде және кәсіби әрекетінің арқасында бала үшін ауыр әрі қайтымсыз салдардың алдын алу мүмкін болды.

- Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Жаңа туған қыз бала дәрігерлердің бақылауында, оның өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ. Тергеу барысында болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда. Соңғы құқықтық баға заңға сәйкес беріледі,- бұл туралы Павлодар облысы полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Ғабит Қабдрахманов хабарлады.

Полиция атап өтті: адам саудасының кез келген түрі, әсіресе балаларға қатысты, қатаң түрде тоқтатылады.