
Отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында жасалатын қылмыстар мен құқықбұзушылықтардың алдын алу жұмыстарын жетілдіру мақсатында ағымдағы жылдың 26–29 наурызы аралығында Павлодар облысы аумағында «Қауіпсіз үй» атты рейдтік іс-шаралар өткізілуде.
– Іс-шараның негізгі мақсаттарының бірі – қиын өмірлік жағдайға тап болған отбасыларды анықтау және оларға көмек көрсету. Білім беру, денсаулық сақтау, ішкі істер органдарының өкілдерінен құралған мобильді топтар құрылды. Бұл топтардың жұмысы халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдардың үйлестіруімен жүзеге асырылады. Жыл басынан бері Кризистік орталыққа 27 әйел жүгінген, оның ішінде 8 әйел мен 15 бала баспанаға орналастырылды, – деп хабарлады Павлодар облысы ПД.
Еске сала кетейік, Павлодар облысында мемлекеттік ҚММ «Кризистік орталық» және екі жекеменшік орталық – «Ана үйі» және «Қорғау Астана» жұмыс істейді.