
Аязды күндері полицейлер еріктілермен бірлесіп, ауа райының қолайсыздығына байланысты жолда қалған жүргізушілерге көмек көрсетуде. Әсіресе, ұзақ уақыт рөлде болып, ауа райының қиындықтарымен бетпе-бет келетін жүк көлігі жүргізушілеріне ерекше назар аударылуда. Жүргізушілер мен жолдағы жолаушыларға қолдау мен қамқорлықтың белгісі ретінде ыстық шай мен тамақ таратылды.
– Аяз кезінде көліктер жиі аяш асты істен шығады: жанармай жүйесінің қатып қалуынан бастап жүріс бөлігінің зақымдануына дейін. Бүгін менің көлігім де суыққа шыдамай, өшіп қалды. Жанымнан полиция қызметкерлері өтіп бара жатып, тоқтап, шай беріп, тамақтандырды, көлікті оталдыруға көмектесті. Бұндай көмектері мен ықыластары үшін алғыс айтамын, – деді Қарағанды қаласынан келген жүргізуші Николай.
Мұндай қамқорлық пен жанашырлық жол қозғалысына қатысушылар арасында көптеген жағымды әсер қалдырды.
Полиция азаматтарды қатты аяз кезеңінде алыс сапарларды кейінге қалдыруға шақырады. Егер жолға шығу қажет болса, автокөлікті пайдалануға мұқият дайындап, жолда барынша сақ болып, демалыс режимін сақтаған жөн. Жаяу жүргіншілерге жылы киініп, жолдың жүру бөлігінен алшақ жүру, жолды абайлап өту ұсынылады.
– Алдын алу, бақылау, көмек көрсету және маңызды жайттарды еске салу – павлодарлық жол полицейлерінің күнделікті жұмысының негізгі бағыты. Әрбір көрсетілген көмек – қарапайым нәрседен басталатын ортақ қауіпсіздікке қосқан үлес, ол – мұқияттылық, өзара құрмет және жол қозғалысы ережелерін сақтау, – деп атап өтті Павлодар облысының Полиция департаментінде.