Павлодарда құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша студенттермен кездесу өтті

Павлодарда құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша студенттермен кездесу өтті

Павлодар қаласында полиция қызметкерлері медициналық колледж студенттері арасында құқықтық сағат өткізді.

— Бүгін мен студенттерге білім беру ортасындағы буллинг ұғымы, оның түрлері, себептері мен белгілері туралы түсіндірдім. Сонымен қатар, буллингтің алдын алу жолдары мен оған қалай әрекет ету керектігі, қандай іс-әрекеттер әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке әкелуі мүмкін екені айтылды. Қоғамдық орындарда және интернет желісінде өзін-өзі ұстау ережелерін сақтаудың маңыздылығы да түсіндірілді. Біз бірге бір-бірімізді құрметтеу, агрессияға, қорлауға, физикалық немесе психологиялық қысымға жол бермеу қаншалықты маңызды екенін талқыладық, — деді Павлодар қаласы ПБ Солтүстік полиция бөлімінің учаскелік инспекторы Владислав Коровин.

Студенттер кездесуге белсенді қатысып, сұрақтар қойып, түрлі мысалдар келтірді және құқық қорғау қызметкерімен бірге әртүрлі жағдайларды талқылады. Кездесу соңында Владислав Коровин студенттерді заң талаптарын сақтауға шақырып, қауіпсіздік пен амандық көп жағдайда әр адамның өзіне байланысты екенін еске салды.